«Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана» ММ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (ҚР ОАМ РҒПК) еліміздің ғылыми-педагогикалық кадрларына қызмет көрсететін, республикадағы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу, әдістемелік және ғылыми педагогикалық әдебиеттің негізгі республикалық қоймасы, салалық педагогикалық библиографияның республикалық орталығы, білім беру жүйесінің барлық тұрпаттағы оқу орындары кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамсыздандыруға жауап беретін үйлестіру және ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылады.