«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы 19 мамырдағы № 766 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы қаулысымен құрылды. Мектеп жасына дейінгі балалар, оқушы және студент жастар арасында дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми және практикалық қызметті жүзеге асырады.