Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы туралы ақпарат
(27.08.2020 жыл)
Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты 27 мектепте 6248 оқушы дәріс алады. Бірінші тоқсан үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі бар 9 мектептің 2-11 сыныптарында оқитын 3547 (56,7%) оқушыға қашықтықтан оқыту форматында басталады. Интернет желісі әлсіз, шалғайдағы елді мекендерде орналасқан 18 мектептің 1464 (23,4%) оқушы дәстүрлі түрде оқиды.
Бастауыш сынып оқушыларына ата-аналарының өтініші бойынша, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарда оқуға мүмкіндік беріледі. Биыл мектепке 1 сыныпқа 618 бала тіркелді. 1 сыныпқа қабылдау мерзімі а.ж. 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. 1-4 сыныптар арасында 98 – кезекші сынып ашылады, онда 1237 бала бар.
Аудан бойынша 27 мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленіп отырған 750 балаға (9 мектепте 326 бала) компьютер қажет. Бүгінгі күнде ата-аналардың өтініштеріне сәйкес 326 оқушыға (аз қамтылған, көп балалы, жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп отырған) мектептен уақытша компьютер берілді.
Қашықтықтан оқыту SDOT Bilimal платформасы арқылы жүзеге асырылады (1 айға 25,0 мың тг), шарт жасалды. Платформаның тиімділігі: күнделікті мониторинг жасалады, мұғалімдер сабақтарын, тапсырмаларды жүктейді, электронды журнал қолжетімді, оқушылардың тапсырған бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізіледі, кері байланыс жасалады.
Дәстүрлі форматта оқитын бастауыш сынып және шағын жинақты мектептер жұмыс жасау алгоритмін жасалды. Барлық мектеп дезинфекциялық құралдарымен (термометр – 56, антисептик 1660, дезковрик – 56, маска – 23832, рециркуляторлық бактерицидтік лампылар – 50) 14 млн тг. қамтылды.
Оқушыларды оқулықпен қамту мақсатында 73 843,0 мың тг., тасымалдауға 798,0 мың тг.бөлінген. 165 дана электрондық оқулыққа 1322,5 мың тг. бөлінді. Оқулықтар таратылды.
Аудандағы барлық мектептер бейнекамералармен (487) 100% қамтылған.
А.ж. 20 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді 90% аяқталды. 8 мектептің дәретханасын ішке енгізілді.
Бидайық ЖОББМ, №140 НОМ жылу қазандығы сыртқа шығарылды. 3611 тонна қажет, түскені 1400 тонна (38,7%). Жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 100 балаға 995,0 мың тг. көмек көрсетілді. 2 отбасына - 2 Отау ТВ, 2 оқушыға ұялы телефон, 20 оқушыға роутер берілді.
39 роутер алуға 585,0 мың тг. алуға шарт жасалды, 26 тамызда оқушыларға беріледі.
Проблемалық мәселелер:
Қараағаш ауылдық округте орналасқанЫнталы ЖОББ мектебінде 224 бала дәріс алады. Интернет желісінің нашар болуына байланысты оқушылар дәстүрлі форматта, екі ауысымда оқитын болады. Қазіргі таңда елді мекенге оптикалық талшықты кабель арқылы интернет енгізу жұмыстары жүргізілуде. А.ж. желтоқсан айынан бастап барлық ауыл тұрғындарының үйлеріне интернет таратылады.
Дәстүрлі форматта жұмыс жасайтын мектеп барлық санитарлық құралдармен жабдықталған. Мектепте медициналық кабинет, изолятор бөлмесі бар.
Жаңаарқа аудандық білім бөлімі бойынша 3 тоқсандағы оқушылардың білім алуы туралы ақпарат.
Жаңаарқа аудандық білім бөлімі бойынша 27 мектеп бар. Онда 6223 оқушы білім алады. Оның 20 мектебі (300 балаға дейінгі) дәстүрлі түрде оқиды.Онда 1978 оқушы.
Олар : С.Сейфуллин 289 оқушы, Ынталы 218 оқушы, Атасу 168 оқушы, Ынтымақ 125 оқушы, Көктал 76 оқушы, Ақтау 98 оқушы, Ақтүбек 168 оқушы, Жаңаарқа 165 оқушы, Бидайық 219 оқушы,Талдыбұлақ 141 оқушы, Ақтайлақ 49 оқушы, №140 мектеп 56 оқушы, №165 мектеп 38 оқушы, №144 мектеп 79 оқушы, Айнабұлақ 27оқушы, Кенжебай-самай 39 оқушы, Байғұл 4 оқушы, Қараағаш 5 оқушы, Жомарт 10 оқушы, 69 разд 13 оқушы.
7 мектеп қашықтықтан оқиды. Онда 2074 оқушы. Олар Б.Амалбеков, О.Жұмабеков, Ю.Гагарин, №132, Ж.Садуақасов, О. Әлібаев, Қызылжар мектептері. Қашықтықтан оқитын 7 мектептің МАД сыныбы және 1-5 сыныпқа дейінгі сыныптарда ата-ана өтінішімен кезекші сыныптар құрылды. Кезекші сыныпта 2171 оқушы оқиды.
Осы қашықтықтан оқитын 7 мектептің 9,11 сынып оқушылары 848 оқушы жартылай кезекші 49 сыныпта оқитын болады. Оған мектептер дайындық жасауда.
Жаңаарқа аудандық білім бөлімі бойынша 4 тоқсандағы оқушылардың білім алуы туралы ақпарат.
Жаңаарқа аудандық білім бөліміне қарасты 27 мектептің 20 мектебі штаттық режимде оқиды. Олардың штаттық режимде оқуы ҚР бас дәрігерінің қаулысының шешімі бойынша 300 балаға дейінгі оқушылары бар мектептер. Қалған 7 мектептің оқушыларының 1-5, 9,11 сыныптарында ата-ана өтініші бойынша кезекші сыныптар құрылған. Қалған сыныптар қашықтықтан оқып жатыр. Алдағы уақытта қалай болары ҚР бас дәрігерінің қаулысы бойынша іске асырылады.