Жаңаарқа аудандық білім бөліміне қарасты 24 білім беру ұйымдарында оқитын 1-4 сынып оқушылары (2441 бала) және 5-11 сынып оқитын әлеуметтік осал топқа жататын оқушылар (122 бала) тегін тамақпен қамтылған.
Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 31 шілдедегі №137 «2025-2026 оқу жылына арналған перспективалы мектеп мәзірін бекіту туралы» бұйрығына сай бір реттік ыстық тамаққа арналып бекітілген перспективалы төрт апталық маусымдық мәзірге сәйкес оқушылар тамақтанып отыр.
Балалар жасы мен физиологиялық қажеттіліктеріне сай бекітілген тамақтану стандарттарына сәйкес толыққанды және құнарлы тамақпен қамтамасыз етілген.