Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты 35 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 19 білім беру ұйымында ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалар білім алуда. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру бағыты жүйелі түрде жүзеге асырылып, қажетті жағдайлармен қамтылуда.
Жыл сайын педагогтердің инклюзивті білім беру бағытындағы біліктілігін арттыру мақсатында аудандық және облыстық деңгейде семинарлар, тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылып келеді.
Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының ЕББҚ балалары «Жұлдыз-ай» шығармашылық байқауларында, «Жұлдыз-ай» спартакиадасында, «Бочча», «Тең мүмкіндіктер» спорттық ойындарында облыстық және республикалық деңгейде жүлделі орындарға ие болып жүр.
Білім беру ұйымдарының педагогтері оқушыларды жан-жақты дайындап, олардың әлеуетін дамыту бағытында нәтижелі жұмыс атқаруда.
|
Жалпы оқушылар саны |
6889 |
|
Оның ішінде ЕББҚ білім алушылардың саны |
95 |
|
Арнайы сыныптар |
1 |
|
Инклюзивті сыныптар |
54 |
|
Үйден оқитын оқушылар |
38 |
|
Жалпы мұғалімдер саны |
Жалпы педагогтер Оның ішінде ЕБҚ білім алушыға сабақ беретін мұғалім саны 261. |
|
Психологиялық –педагогикалық қызметті қолдау |
33 – психолог 21- Әлеуметтік педагог 7-Дефектолог 5-Логопед 20-Пед ассистент |
|
Мектепке дейінгі ұйым |
6-бөбекжай 4-арнайы маман 4-логопед 5-психолог 4-педагог ассистент |
|
Педагогтердің инклюзивті білім беру бойынша біліктіліктен арттыру курсынан өтуі (3 жылға динамика диаграммамен көрсету) |
2022-2023 оқу жылдар: 117 2023-2024 оқу жылдар: 134 2024-2025 оқу жылдар: 139 2025-2026 оқу жылдар: 230 |
|
Инклюзивті қолдау кабинеттері бойынша мәлімет |
Инклюзивті қолдау кабинеттері ауданымыздың Е.Шаханов атындағы ТМ(РО), С.Сейфуллин атындағы, ашылды |