GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Улытау
Меню
Страницы
Об отделе
Документы
Деятельность
Пресс-центр
Контакты
Онлайн-приемная
Все материалы
Дополнительное образование
Общеобразовательные школы
Дошкольные организации
Методический кабинет
04 октября 2024
Құрметті ұстаздар! Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мейірлі әрі аса жауапты мамандық. Сіздердің ақпейіл көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізілетін тәлім-тәрбие, үлгі өнеге өлшеусіз. Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, сіздерді “Ұстаздар күні” мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Общеобразовательные школы
Методический кабинет
04 октября 2024
Ұлытау ауданының білім бөлімі 2024 жылы қыркүйек айының 16 мен 20 аралығында аудан бойынша құрылған тамақтану сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы №14 жалпы білім беретін мектебіне, №4 жббм, №8 жббм, №15 тірек мектебі, №6 тірек мектебі, мектеп интернатындағы, &1 тірек мектебі, &7 ЖББМ, М. Мыңқаев атындағы &10 жббм- де оқушылардың тамақтануының сапасы бақылау жұмыстарын жүргізді.

Ұлытау ауданының білім бөлімі 2024 жылы қыркүйек айының 16 мен 20 аралығында аудан бойынша құрылған тамақтану сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы №14 жалпы білім беретін мектебіне, №4 жббм, №8 жббм, №15 тірек мектебі, №6 тірек мектебі, мектеп интернатындағы, &1 тірек мектебі, &7 ЖББМ, М. Мыңқаев атындағы &10 жббм- де оқушылардың тамақтануының сапасы бақылау жұмыстарын жүргізді.

20 марта 2024
2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау
04 марта 2024
🏆⚽️ ШҰБАР ДОП
 
28 ақпан - 01 наурыз күндері Сәтбаев қаласында "Ұлытау облысының әдістемелік орталығы" КМҚК ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар, 9-11 сыныптар арасында "Шұбар доп" волейболдан оқушылар арасында облыстық мектеп лигасы өткізілді.
Сайыс нәтижесі бойынша оқушыларымыз жоғары дәрежеде ойын көрсете білді. Атап айтқанда:
5-6 сыныптар арасында "№1 тірек мектебі(РО)" КММ қыздар командасы І орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды;
7-8 сыныптар арасында "№1 тірек мектебі(РО)" КММ ұлдар командасы және "Ж.Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (РО)" КММ қыздар командасы ІІ орынға ие болды;
Жарыстың соңғы күні 9-11 сыныптар арасында өткен жарыста "№1 тірек мектебі(РО)" КММ қыздар командасы І орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды.
Оқушыларымызға Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
04 марта 2024
Жарқын болашақ
2024 жылдың 02 наурызы күні 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық "Жарқын болашақ" олимпиадасы өткізілді.
Ұлытау ауданынан барған оқушыларымыз жүлделі орындармен қуантуда:
"Сөз шеберлері" номинациясы бойынша "№1 тірек мектебі (РО)" КММ оқушысы Мыңбаева Арай - І орын;
"Әнші-бұлбұлдар" номинациясы бойынша "№14 ЖББМ" КММ оқушысы Қуандық Аяла - ІІ орын;
"Әнші-бұлбұлдар" номинациясы бойынша "№6 тірек мектебі (РО)" КММ оқушысы Алпысбай Шерхан - ІІІ орын;
"Жас қаламгер" номинациясы бойынша "№5 НОМ" КММ оқушысы Төлеубай Бейбарыс- ІІІ орын;
"Бейнелеушілер" номинациясы бойынша "№4 ЖББМ" КММ оқушысы Садвакасова Сая - ІІ орын;
Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
28 февраля 2024
Хабарландыру

 INDIGO24.KZ  порталында Ұлытау ауданы бойынша кезекте тұрған балалардың ата – аналарының назарына

 

       Балабақшаларға кезектің бірыңғай  жүйесін енгізу мақсатында ата – аналарға арналған indigo24.kz интернет-порталында арнайы сауалнама алынып жатқаның хабарлаймыз.

Сауалнама толтыру үшін:

GOOGLE Chrome - https://indigo24.kz/ru

 Жеке кабинет    - менің өтініштерім      -    мәзір    -    сауалнама батырмасын басу қажет.

Дополнительное образование
Общеобразовательные школы
Дошкольные организации
Методический кабинет
05 января 2024
"Ұлытау ауданының білім бөлімі" ММ-нің 2023 жылғы қорытынды есебі
Дополнительное образование
Общеобразовательные школы
Дошкольные организации
Методический кабинет
05 января 2024
"Білім беру саласының үздіктері" марапатталды
 
2023 жылы 25 желтоқсан күні аудан әкімі Жезді кентіне аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға арнайы барып, білім беру саласының үздіктерін марапаттады.
⠀
📚 “Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Жас буынға білім беру жолында жүрген әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз орасан. Білім саласында ұстаздар қауымының алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасап, жүйелі ұйымдастыру жолында жүрген мемлекеттік қызметкерлердің, әдіскерлердің, есепшілердің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Біз олардың да еңбегін ұстаздар қауымының еңбегімен тең дәрежеде бағалауымыз керек. Соның айғағы ретінде "Білім беру ұйымдарының үздіктері" - деп аты айтып тұрғандай, осы салада еңбек ететін әр сала мамандарын марапаттауды зор ықыласпен қабылдаймын”,- деді аудан әкімі Аманжол Батырбекұлы құттықтау сөзінде.
⠀
🏆 Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқытумен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін «Үздік ұйым» номинациясы және 400 мың теңге ақшалай сыйақысы «№11 жалпы білім беретін мектебі» ұжымына табысталды.
⠀
🏆 «Үздік директор» номинациясымен және 300 мың теңге ақшалай сыйақысымен «№7 жалпы білім беретін мектебінің» директоры Еділбаева Динара Лазырқызы марапатталды.
⠀
🏆 «Үздік қосымша білім беру ұйымының директоры» номинациясы және 300 мың теңге ақшалай сыйақы «Оқушылар үйінің» директоры Әубәкіров Канат Серікұлына табыс етілді.
⠀
🏆 “Үздік бөбекжай тәрбиешісі” номинациясы және 250 мың теңге ақшалай сыйақы «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі Орынбаева Зәуре Мұқанғалиқызына бұйырды.
⠀
🏆 “Қосымша білім беру ұйымының үздік педагогі” номинациясымен және 250 мың теңге ақшалай сыйақысымен «Балалар өнер мектебі» вокал сыныбының мұғалімі Әмірхан Ақжол Әмірханұлы марапатталды.
⠀
🏆 “Үздік есепші” номинациясы және 250 мың теңге ақшалай сыйақы аудандық білім бөлімінің есепшісі Сәулембекова Шолпан Әуезбекқызына табысталды.
⠀
🏆 “Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі «Балалар өнер мектебінің» директоры Алпысбаев Әмірхан Майтонұлына және Қарсақбай Агротехникалық колледжінің директоры Сәдуақасов Досымжан Сұлтанұлына тапсырылды.
⠀
🏆 Қазақстанның болашағы үшін еңбектене білген жандардың жұмысын бағалап, білім саласының дамуына зор үлесін қосқан ұстаздарды ынталандыру мақсатында салтанатты жиынның қорытындысы ретінде “Жыл үздігі - 2023» номинациясымен және 500 мың теңге ақшалай сыйақысымен «№17 жалпы білім беретін мектебінің» тарих пәнінің мұғалімі Стамқұлов Мұханбетали Алирахманұлы марапатталды.
⠀
♦️ Бүгінгі марапат иелерін құттықтай келе, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбекті ескере отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Общеобразовательные школы
Методический кабинет
12 декабря 2023
Хабарландыру Ұлытау селосындағы орналасқан “ Ұлар” жекеменшік бөбекжайы бала қабылдайды. “Ұлар “ бөбекжайы мемлекеттік тапсырыс алады. Бөбекжайда: •4 мезгіл тамақтану. •Әдемі ,үлкен жылы кең топтар. * ⁠көп-балалы аналар, және осал топтағы отбасылардан шыққан ата-аналар үшің тегін (мемлекет тарапынан көзделген қаржы) * ⁠Білімді, білікті мамандар қызмет атқарады. * ⁠Бөбекжай жарнасы * ⁠1-3 жастағы балалар үшін 12 000 теңге * ⁠3-5жастағы балалар үшін 13 000 теңге Мекен жайымыз: Ұлытау селосы,Тайжан көшесі 16
Общеобразовательные школы
Методический кабинет
12 декабря 2023
"Ұлытау ауданының білім бөлімі" ММ Құрметті ата-аналар! 12 желтоқсан күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты Бірінші және екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқытылады! Уважаемые родители! 12 декабря в связи с ухудшением погодных условий учащихся 0-9 классов Первый и второй смены переходят на дистанционный формат обучения.
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы