Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы

 

Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі-білім бөлімі) Шет ауданында орналасқан 2025 жылға арналған 1585 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.

Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Шет ауданы, Ақсу –Аюлы селосы, Жапақов көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша кеңсеге немесе Е-өтініш арқылы ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау -12-17 желтоқсан аралығында сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2024 жылғы «20» желтоқсанда сағат 11.00-де Шет ауданы, Ақсу –Аюлы селосы, Жапақов көшесі, 14 үй мекенжайы бойынша қаралады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8(71031)50384

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы
Дата публикации
11 декабря 2024