Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру орналастыру бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Хабарландыру

         «Шет ауданы білім бөлімі» ММ (бұдан әрі-білім бөлімі) 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап  2022 жылдың 17 ақпанына дейін 40 орындық жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

         Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол мына мекен-жай бойынша ұсынады. 2022 жылдың 17 ақпаны сағат 13.00 дейінгі мерзімде Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 12 үй , 5 кабинет. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2022 жылдың 17 ақпаны сағат 15.00-де Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі,12 үй , 5 кабинет мекен-жайы бойынша ашылады.

Қосымша ақпаратты 8 (71031)21511 телефоны арқылы алуға болады.

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру орналастыру бойынша КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Дата публикации
28 января 2022