Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы туралы өздеріне белгілі болған барлық жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдардың оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеуді қажет ететін адамдарды уақтылы анықтауды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері ата-аналарының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарын шектеуі, ата-аналарының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-аналарының науқастануы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларды тәрбиелеуден жалтаруы немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, оның ішінде ата-аналардың өз балаларын білім беру, ата-аналарының іс-әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен балалардың ӛміріне немесе денсаулығына қауіп тӛндіретін не олардың қалыпты тәрбиесі мен дамуына кедергі келтіретін жағдайлар жасаған кезде, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайларда.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 663 бұйрығымен бекітілген Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына сәйкес жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаған немесе олар туралы ақпарат түскен кезде олар анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қорғаншы және қамқоршы органының маманы баланың сауалнамасына олар туралы мәліметтерді енгізу арқылы Республикалық деректер банкінің бастапқы есебіне қояды.
Қорғаншы және қамқоршы орган көрсетілген мәліметтер келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға), қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, асырап алушы отбасына, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда барлық типтерге берілуге тиіс.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына немесе кӛрсетілген ұйымдарға тәрбиелеуге орналастырғанға дейін балалардың қорғаншысының (қамқоршысының) міндеттерін атқару уақытша қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың балама нысандары
«Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге немесе асырап алушы отбасына берілуі мүмкін.
Бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны.
Патронат – жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жӛніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.
Қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде тӛрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны.
|
Өз отбасыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған отбасыларды әлеуметтік қолдау
|
|||||||
|
Патронат
|
Қорғаншылық Қамқоршылық |
Бала асырап алу |
Баланы қабылдайтын отбасы |
||||
|
Бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы (10 АЕК); |
Бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы (10 АЕК); |
Бір жолғы жәрдемақы әр балаға (75МРП); |
Бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы (10 АЕК); |
||||
|
Жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әлеуметтік көмек (ыстық тамақ, киім-кешек)); |
0-ден 1 жасқа дейінгі бала асырап алған жағдайда - бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;
|
Жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әлеуметтік көмек (ыстық тамақ, киім-кешек)); |
||||
|
Патронат тәрбиешінің жалақысы 42 мың теңгеден бастап |
|
Мүгедек баланы асырап алған жағдайда, мүгедектігі бойынша және мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы
|
Екі асырап алушы ата-ананың жалақысы 42 мың тнг. бастап әр қайсысына
|
||||