Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Аудан бойынша мемлекеттік көрсететін қызметтердің жағдайы туралы

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының есебі бойынша Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 10 бөлімнің ішінде 7 бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 58 мемлекеттік  қызмет түрін көрсетеді.

           Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы барлығы 4104 мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде;

  • мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы - 811;
  • электрондық үкімет порталы арқылы -1059;
  • ГБД «Е-лицензирование» арқылы –989;
  • мекеменің ақпараттық жүйесі арқылы -1245;

      Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі %;

  • 2019 жылы 18,8 %,                         
  • 2020 жылы 36,9 %,                         
  • 2021 жылы 57,0 %,                           
  • 2022 жылы 79,2 %;          
  • 2023 жылы 80,3 %.                            

         2022 жылмен салыстырғанда 1,1 %-ға өсті.

       2023 жылы 2 бөлімге және 2 ауылдық округ әкімдігіне ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу жоспарланған. (мамыр айында Ортадересін әкімдігі, маусым айында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, шілде айында Тасарал әкімдігі және тамыз айында ЖКХ бөліміне ішкі мемлекеттік бақылау жүргізілді. Кемшіліктер анықталған жоқ).

         Іс-шаралар жоспарына байланысты жыл басынан 25 дөңгелек үстел, 7 семинар zoom арқылы, бұқаралық ақпарат құралына 6 мақала жарияланып және 1 рет мемқызметтің жәрмеңкесі өткізілді.       

Кент, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараты және дербес бөлімдердің ғимараттарында қызмет алушыларға  «Өзі өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылған.

        Бүгінгі күнге дейін бөлімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтар және арыз-шағымдар орын алған жоқ. Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерінің бұзылмауына шаралар қабылдап, күнделікті қатаң бақылануда.