Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылдың 17-22 қаңтары аралығында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында оқу сауаттылығы өткізілді. Апталық жоспары құрылып, бекітілді. Қаңтардың 17-і, апталықтың бірінші күні «Қоғамда ең басты - бірлік пен бейбітшілік» атты тақырыпта арнайы сынып сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарында өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен төзімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникааралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынас нығайту мақсаты көзделді. Сынып сағаттарда мектеп оқушыларға елімізде өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болатындығы туралы өз ойларын ортаға салды. Ұл көсемдері мен қоғам қайраткерлерінің достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздерін айтып, талқылады. Қаңтардың 18-і, 5-7сыныптар арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында Kahoot ойыны ұйымдастырылып, апталықтың екінші күнін жоғары сынып оқушылары эссе жазу байқауымен аяқтады. Эссе жазу барысында оқушылар өз ойларын толық ашып көрсете алды. Қаңтардың 19 күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні өткен іс-шараларымызды санамалап атап шықсақ: 1-сыныптарда «Жас жұлдыз» танымдық ток-шоуы, 2-4-сыныптар аралығында «Жаңылтпаштан жаңылма» танымдық сайысы, 5-7-сыныптарда «Ертегілер әлемі» квест ойыны, «1001 мақал, 101 жұмбақ» танымдық сайысы, 8-9-сыныптарда «Балалық шақ ережелері» квест ойыны, «Сөз – зерде» зияткерлік сайысы, 10-11-сыныптарда жүргізілген «Асыл сөз» шешендік өнер сайысы, «Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны. Зияткерлік байқаулар дарынды оқушыларымыздың дараланып, көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, жеңіс биігінен көрінулеріне көптен-көп септігін тигізуді.
Қаңтардың 20-ы, апталықтың төртінші күніне келсек, жоғары сынып оқушылары арасында «Қаңтарда туған қаламгерлер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараларға балалар өте белсенді қатысып, қызығушылықтарының артқаны байқалды. «Ахмет салған сара жол» ұстаздар арасында шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. «Ой мен ойын» атты тақырыпта мұғалімдер арасында сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайысты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - ұстаздардың біліктілігін, кәсіптік шеберлігін көтеру, жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар арасында тәжірибе алмасу, оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық – педагогикалық проблемалары ортаға салу. Байқауға мұғалімдерден құралған 3 топ қатысты. Жас мамандар өкілдері «Жас қырандар» тобы, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы, тәжірибелі ұстаздардан құралған топ «Қазына» тобы деп аталды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Ширату», екінші кезең - «Тосын тапсырма», үшінші кезең «Жағдаяттар» деп аталды. Сайысқа қатысқан мұғалімдер белсенділік танытып, өз ойларын еркін айта білді, жас мамандар тәжірибелі ұстаздардан әдістемелік көмек пен ақыл-кеңестер алды. Қаңтардың 21-і, апталықтың бесінші күні мектеп оқушыларымен БУККРОСИНГ "Кітап алмастыру" акциясы ұйымдастырылды, 1-4 сыныптар арасында «Менің отбасым және кітап» тақырыбында фотоакция, 5-7 сыныптар арасында буккросинг кітап алмастыру акциясы ұйымдастырылған болатын. Қаңтардың 22-і, апталықтың соңғы күні 5-7 сыныптар арасында ZOOM арқылы «Менің атым-Қожа», «Менің де атым Қожа» көркем фильмдері бойынша пікір алмасу жүргізілді. 4 сынып арасында функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру мақсатында «Ертегілер әлемі» сахналық көрініс қойылды. Апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шараларды қорытындылап, белсенді қатысқан оқушыларды марапатталды.
Шахтинск қаласының білім бөлімі «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбындағы оқу сауаттылығы оқу сауаттылығы апталығын өткізуге және ұйымдастыруға ат – салысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, осы іс-шараларға белсенділікпен қатысқан оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Өткізіліп отырылған іс-шара туралы мәліметтер күнделікті sayattylyq_aptalygy_shahtinsk инстаграмм-әлеуметтік желісіне жарияланып отырылд