Меню

Страницы

Статья

ҚР халықтарының тілдер күні аясында өткізілген іс-шаралар

«ҚР халықтарының тілдері күніне» орай білім беру ұйымдарында арнайы жоспар құрылып, сол жоспар аясында 2-5 қыркүйек аралығында тілдер апталығы өткізілді. Құрылған жоспар бойынша үш тілде апталықтың салтанатты түрде ашылуы болды. Салтанатты жиында мектеп оқушылары өлең оқумен қатар, өз өнерлерін көрсетті. Апталықтың жоспарымен мектеп оқушылары таныстырылды. Апталық барысында осы жылы мерейтойы атап өтілетін Ахмет Байтұрсыновқа арналған өлең оқу сайысы болды.
«Бір шаңырақ астында» атты тақырыпта қабырға газеттерін жасау бойынша, «Әр халықтың тілі керемет және ұлы» шығармалар байқауы, «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» атты 9-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы, «Ана тілім – ардақ тұтар алтыным», «Достық мекені» атты 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жоспар бойынша әр пән мұғалімдері алдына қойылған мақсаттарына жету үшін, аталған іс – шараларға балаларды белсендіре қатыстыра білді.
Орыс тілінен 6 - 8 сынып оқушылары арасында «Родной язык» тақырыбына эссе байқауы, 6-8 сынып арасында «Знаток литературы» атты әдеби викторинасы өткізілді. Аталған байқаулар өте сәтті өтті деуге болады. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп, жеңген топтар мадақтамалармен марапатталды.
10-11 сынып оқушылары арасында ағылшын және неміс тілдері пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Слова Абая понятны на всех языках» марафоны, 7- сынып оқушылары арасында «Полиглот» сөз сайысы, 3 сыныптар арасында «Wonserful world of English Language1 тақырыбында ойын ұйымдастырылды.
Жыл сайын 2-5 қыркүйек күні «ҚР халықтарының тілдер күні» мерекесіне сай білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі. Кейін келген «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында білім беру ұйымдарында қалалық «Үш тілді меңгеру – заман талабы» атты оқу-семинары өткізілді. Осы семинарда әр сыныптан бір-бір оқу белсендісі шығып, өз ойларымен бөлісті. «Бастау» оқу әдістемелік орталығымен бірлесіп 2021 жылдың 6 қыркүйек күні жалпы білім беру мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және балабақшалардың тәрбиешілері мен қазақ тілі мұғалімдері тілдер мерекесіне орай викторинасы мен байқауы, Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай зияткерлік өткізілді.
Жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына қатысты.
2021 жылдың 3 қыркүйегі сағат 11.00-де «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Шахтинск қаласының барлық 23 білім беру ұйымдары мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты.
Тілдер мерекесіне арналған апталық өз уақытында, өз дәрежесінде орындалды деп қорытындылауға болады.


ҚО ББ "Шахтинск қаласының білім бөлімі" ММ басшысы Н.Онсович

Дата публикации
19 сентября 2021
Дата обновления
19 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
29 апреля 2026
Системная работа по противодействию коррупции в сфере образования
Статьи
25 февраля 2026
Кадровый голод или время возможностей?
Аналитическая статья
31 декабря 2024
Итоги года!

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы