Меню

Страницы

Статья

Тіл – рухани ынтамақтастықтың құралы

Тіл - мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры. Адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарым - қатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бабалар мұрасы. Баға жетпес бұл бай мұраны қастерлеп, құрмет тұтамыз. Мемлекетіміздегі басты тіл, халқымыздың тілі - қазақ тілі екені мәлім.
Бұл Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында да анық көрсетіліп, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп айқындалған. Осы қасиетті қазақ тіліміз әлемдегі ең бай үшінші тіл болғаны біз үшін қандай мақтаныш десеңізші. Сөзімізді айғақтайтын мына бір дәйекке тоқтала кетсек. Ең бай тіл араб тілі болса, екінші ағылшын тілі, ал үшінші бай тіл біздің қазақ тілі болып саналады екен. Мұны белгілі ғалымдар дәлелдеп, мойындаған.
Әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алып отырған қазақ тілінің тазалығын жоғалтпай, сақтап, одан әрі байыта түсіп, кейінгі ұрпаққа табыс ету – бүгінгі жас буынның ұлттық парызы. Тура 34 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың қыркүйегінде «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Кейін, еліміздің тәуелсіз ел болып қалыптасуына байланысты, тіл мәртебесін арттырмақ мақсатында 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заң қайта қабылданды.
«Тіл туралы» алғашқы заңның қабылданған күніне орайластырылып, арнайы Жарлықпен 1998 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Содан бері жыл сайын аталмыш мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар бірлесе тойлап келеді.
2018 жылдан бастап, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұл өзгеріс қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне байланысты болды. Тілдер күні тілді ұлықтау мерекесі болып қана қоймай, еліміздегі ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралына айналды.

Дата публикации
05 сентября 2023
Дата обновления
05 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Статьи
29 апреля 2026
Системная работа по противодействию коррупции в сфере образования
Статьи
25 февраля 2026
Кадровый голод или время возможностей?
Аналитическая статья
31 декабря 2024
Итоги года!

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы