Үздік педагог

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы негізінде және Қарағанды облысы Білім басқармасы мен Сәтбаев қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 25 сәуір - 6 мамыр аралығында «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Қалалық кезеңге 7 педагог қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша мына педагогтерге «Үздік педагог» куәлігі табыс етілді:

Денисюк Светлана Николаевна- Абай атындағы №4 мектеп- лицейінің математика пәнінің мұғалімі;

Бекмагамбетова Рахат Оспановна- №19 мектеп- лицейінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;

Ержан Гүлмира Әбдіханқызы- №1 мектеп- гимназиясының физика пәнінің мұғалімі.

Конкурстың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың портфолиосы екінші кезеңге жіберілді.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық