9 қыркүйек Қаражал қаласы білім бөлімі инклюзивтік білім беру әдіскері Жарқынбай Т.Б. КМҚК "Улыбка" бөбекжайының педагогтерімен " 2-6 жас арасындағы тәрбиеленушілерге инклюзивтік білімді ұйымдастыру" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ерекше білімді қажет ететін балаларды қалай анықтау керек екенін, ата-аналарымен жүйелі жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік кеңес берілді.