9 қыркүйек Қаражал қаласы білім бөлімі әдістемелік бөлімінің инклюзивтік білім беру әдіскері Жарқынбай Т.Б. ұйымдастыруымен Жаңа оқу жылында инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру "Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға типтік оқу бағдарламасын құру" тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Аталмыш семинарға №1, 3, 5, 7, 10, 11, 30 мектептерінің инклюзивтік білім беру бойынша директордың орынбасарлары, дефектолог, психолог мамандары қатысты. №3 жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі, педагог-эксперт, директордың оқу-ісі бойынша орынбасары, инклюзивтік білім беру әдіскері Гавриш Э.В ЕБҚЕБ типтік оқу бағдарламасы құру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Семинарға қатысқан жауапты мамандардың сұрақтарына толық жауаптар мен жан-жақты мағлұмат берілді.