Қалалық сынып жетекшілер және ата-аналар семинары
20 желтоқсан Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы” КМҚК-де «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі ата-аналар мен мектептің ортақ жауапкершілігі” тақырыбында қалалық сынып жетекшілер және ата-аналар семинары өтті.
✅Семинар үш бөлімге бөлінді:
І БӨЛІМ. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының алты жобасы білім беру орындарында жүзеге асырылуы тәжірибесі аясында сынып жетекшілер мұғалімдер мен ата-аналарға секциялық отырыстар ұйымдастырды.
ІІ БӨЛІМ. Білім беру орындарында жүзеге асырылып құндылыққа негізделген мектептер мен жобалар негізінде көрме.
ІІІ БӨЛІМ. Қорытынды бөлім, семинарға жиналған мұғалімдер мен ата-аналарға пленарлық отырыстарда ата-ана және сынып жетекшілерден құралған спикерлер қазіргі уақыттағы актуалды тақырыптар төңірегінде сөз сөйледі.
Пленарлық отырыс соңында спикерлер алғыс хаттармен марапатталды.