қалалық семинары

2024 жылдың 19 қаңтар күні №1 ЖББМ базасында Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен инклюзивті білім беруге арналған «Әдістемелік идеялар – 2024» қалалық семинары өтті. Семинарда «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының дефектологы Югай О.В. , Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің орыс тілі мұғалімі С.Р. Станова , №10 ЖББМ директор орынбасары Ридель Л.Ю. және педагог-психологы Крюкова А.Д., Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің логопед-дефектологы Мукашбекова С.С., №4 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Оспанова А.М., Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Тоқабаева С.С., №5 ЖББМ педагог психологтары Жүрчинова Ж.Б. және Төлеубекова М.С., С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының дефектологы Капасова А.А., Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сыздықова С.Р., №1 мектеп директорының орынбасары Дерова И.А. өз тәжірибелерімен бөлісті.