«Мектепте тамақтануды ұйымдастыру туралы» семинар

ҚР Білім және ғылым министрі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастырылуымен өткізілген «Мектепте тамақтануды ұйымдастыру туралы» семинарын насихаттау мен тарату мақсатында, бүгін 18 сәуір күні «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ маманының ұйымдастыруымен семинар ұйымдастырылды. Аталған семинарға Балқаш қаласы барлық білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары, асхананы жалға алушылар мен өзге қызметкерлер қатысты.
Семинар барысында тамақтану принциптері, нормативті-құқықтық актілер, МЭГ қызметі мен өзге де тамақтану мәселесіне қатысты сұрақтар талқыланды. Семинар осы шара өткізілген білім мекемесінің жаңартылған асханасын тамашалаумен аяқталды.