«Батыр баба - Ақжолтай» атты «Жас Сарбаз» клубтары арасында қалалық саптық байқауы
«Жас Сарбаз» клубтары мен сыныптарының тәрбиеленушілерін, алғашқы саптық жаттығулар арқылы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етуіне дайындау және Отан алдындағы міндетке тәрбиелеп, патриоттық сезімге баулу мақсатында 2022 жылдың 16 наурызында «Оқушылар сарайы» ҚМҚК және «Ақжолтай Ағыбай батыр» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен Ағыбай батырдың 220 жылдығын атап өту үшін «Батыр баба - Ақжолтай» атты «Жас Сарбаз» клубтары арасында қалалық саптық байқауы өткізілді. Байқау ережеге және санитарлық нормаларға сәйкес өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
І – орын:
№17 мектеп – лицейі.
ІІ – орын:
ЖББ №5 мектебі;
2. Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі.
ІІІ – орын:
1.ЖББ №16 мектебі;
2. ЖББ №25 мектебі;
3. М.Русаков атындағы мектеп – интернаты иеленді.
Барлық жеңімпаз мектептер Балқаш қаласының білім бөлімі мен «Ақжолтай Ағыбай батыр» Қоғамдық Қорының Президенті Мусабеков Ғабит Айтжановичтың мадақтау қағаздарына ие болды. Құттықтаймыз!