Қарағанды қаласында балаларға қосымша білім беретін ұйымдардың «Бейнелеу өнері» және «Декоративті-қолданбалы өнер» бөлімдерінің педагогтарына арналған «Бабалар мұрасы жас ұрпақ көзқарасымен» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өткізілді

Оқытудағы инновациялық- көркемдік көзқарастың дамуының маңызды бөлігі ретінде бейнелеу өнері ерекшелігін сақтау және дамыту мақсатында 2021 жылдың 24-25 ақпанында КМҚК «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беретін ұйымдардың «Бейнелеу өнері» және «Декоративті-қолданбалы өнер» бөлімдерінің педагогтарына арналған «Бабалар мұрасы жас ұрпақ көзқарасымен» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумға Балқаш қаласының Оқушылар сарайынан қосымша білім беру ұстаздары Жайнабекова А.Б., Қайдар А.Т. қатысып, алдағы уақытта өз жұмыстарында пайдалануға қажетті көркем сурет және қолданбалы өнердің заманауи техникалары бойынша білімдерін жетілідіп қайтты. Семинар соңында педагогтерге сертификаттар табысталды.