«Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңіне Балқаш қаласының оқушылары қатысты

Жарайсыңдар Балқаш қаласының дарындылары!
09.02.2021 ж. күні «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен өтетін жалпы пәндерден республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі тікелей эфирде ашылу салтанатты жиынымен басталды. «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңіне Балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейі және №8 ЖББ мектеп оқушылары Мамырлан Назира (тақырыбы: «Үйкеліс күші»), Рысқұл Бекторы (тақырыбы: «Мобильді қосымшалардың өлшеу дәлдігін бағалау»), Бекмұрат Диас (тақырыбы: «Аэрошана модельдері») қатысты. Ғылыми жетекшілері: Рахимова Жулдыз Тулендиевна – физика пәнінің мұғалімі, Қанат Дәркен Кәменқызы – физика пәнінің мұғалімі. Сәттілік!