Меню

Страницы

Статья

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына директоры лауазымын иеленуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

21.07.2021 ж

Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 21ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде Ақтоғай  ауданы,  Ақтоғай селосында орналасқан «Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына директоры лауазымын иеленуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру баспасөз бетінде жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні өткен соң комиссия белгілейді.

Конкурс өткізу орны: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай  ауылы,  Нарманбет  көшесі, 6үй

Біліктілік талаптары: 1) жоғары педагогикалық білім. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагогика қызметкерлері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларына сәйкес. 2) педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы ; 3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы; 4) үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы; 5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы; 6) сотталмаған болуы тиіс;

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның Жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастыру, оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының жұмыс жоспарын бекіту, жұртшылықпен және ата –аналармен байланысты жүзеге асыру.

Лауазымдық жалақысы:  Жұмыс өтіліне сай  110716 теңгеден 130670 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8)"Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,  Ақтоғай ауылы, Нарманбет көшесі 6 үй, кадр бөлімі.

Дата публикации
22 июля 2021
Дата обновления
22 июля 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
22 июля 2021
«Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына директоры лауазымын иеленуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
14 апреля 2021
Организации образования

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы