15.12.2021 жылы Абай қаласындағы Балалар өнер мектебінің акт залында аудандық білім бөлімі аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өткізді.

Іс–шараның басында қызметкерлер Zoom-конференция байланысы арқылы Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Г.Ш.Қожахметованың және облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Т.Ф.Самойлюктің құттықтауын тыңдады. Педагогикалық жұмыс өтілі 50 жылдан асатын, Абай қаласының №1 ҚББМО директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.С.Цхе мен Абай қаласының БӨМ-нің баян және гитара сыныбының оқытушысы В.Н.Жеребятьевке "Қарағанды облысының білім беру саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" төсбелгісін табыстау жағымды сәт болды.
"Абай ауданының білім беру саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" естелік мүсінмен және ақшалай сыйақымен педагогикалық еңбек ардагері Г.А.Аманбекова, Көксу ЖББМ директоры А.П.Веккер және аудандық білім бөлімінің бас маманы М.П.Стрельникова марапатталды.
"Қарағанды облысының білім беру саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" төсбелгісімен Қоянды орта мектебінің директоры Н.С.Абишев марапатталды.
Қарағанды облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталғандар: Д.М.Качура (№12 ТМ(РО) бас бухгалтері), Т.В.Проценко (№1 ҚББМО бастауыш сынып мұғалімі), Е.А.Петров (Б.Момышұлы атындағы ТМ(РО) дене шынықтыру мұғалімі), К.Н.Жақсылыкова (Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі), С.Т.Шекеев (Самарка ЖББМ директорының ӘШБ жөніндегі орынбасары), С.М.Юсупова (№9 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі), Б.Машан (Қоянды ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі), Н.П.Холкина ("Таңшолпан" МББК тәрбиешісі).
Ш. Хажекбар (Есенгелді ЖББМ директорының м.а.), Е.Н.Шушпанова (Дубовка ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары), Ж.Е.Жунусова (аудББ бухгалтері), В.И.Тухватуллина (№10 мектеп-гимназиясының бухгалтері) және Т.Н.Гусейнова ("Таңшолпан" МББК медбикесі) Абай ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай–ақ, іс-шарада аудандық "Жыл мұғалімі-2021" кәсіби байқауының жеңімпаздары мен білім беру қызметкерлері арасындағы шахмат онлайн турнирінің жеңімпаздары марапатталды.
Қызмет бағыты