Көктемгі демалыс кезіндегі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында № 4 ЖББМ КММ-де 25 наурызда оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыру, ұлттық дәстүрлермен таныстыру мақсатында ашық аспан астындағы ұлттық ойындар ұйымдастырылды

. Бастауыш сынып оқушылары «Арқан тартыс», «Жігіт жарысы», «Бәйге» ойындарына қызығушылықпен қатысты.
8-9 сынып оқушылары «Денсаулық» онлайн-квест - «Қазына табу» ойынына қатысты. Балалар квестке қатысып, қарақшылардың берген тапсырмаларын ребустар, кроссвордтар, басқатырғыштарды шешті.
Өздерінің тапқырлығы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсете отырып, оқушылар негізгі сөзді ашып, қазына кілтін таба білді.
Балалардың пікірлері бойынша іс-шара өте қызықты өтті.
Туберкулездің алдын алу үшін мектеп медбикесі 9-11 сынып оқушыларына арнап презентация мен материалдар дайындады.
Қызмет бағыты