Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.


📌 Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.


📌 Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.

Өтінішті egov.kz немесе e.bilimal.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:


🔹 ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);


🔹 баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;


🔹 «бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;


🔹 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;


🔹 3х4 көлеміндегі 2 фото.

 

🗓 Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Қызмет бағыты