«Адалдық алаңы» жобасы

Жобаның тұжырымдамалық негізі

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау және парасаттылық мәдениетін ілгерілету контексінде қоғамдық бақылауды пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Сыбайлас жемқорлықты жою;
2. Бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету;
3. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жобаның жарғысы

«БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

Министрі

 

Дәленов Р.Е.

2020 жыл

« БЕКІТЕМІН »

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы

         Шпекбаев  А.Ж.

       2020 жыл

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің - Адалдық Алаңы» жобасының жарғысы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Ұлттық экономика министрлігі - Адалдық Алаңы» жобасы Жарғысының (бұдан әрі - Жоба) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 87-тармағын орындауды жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
  2. Жоба жемқорлық деңгейін қысқартуға, жалпыға бірдей жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

2-тарау. Жобаны іске асыру салалары

  1. Жоба мына салаларда іске асырылады:

1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі, инвестициялар тарту саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар, қоғамдық маңызы бар нарықтарда, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;

2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу;

3) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау функцияларын;

4) аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау;

5) мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы саясатты;

6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастырып, дамыту.

3-тарау. Жобаның міндеттері

  1. Көрсетілген салалар шегінде мынадай міндеттер қарастырылған:

4.1 Жемқорлықты жою және:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және жетілдіру;

2) ішкі және сыртқы бизнес-процестерді талдау, оларды оңтайландыру;

3) ұйымдастырушылық-басшылық қызметін талдау жолымен қолайлы жағдайлар жасау

4.2 Бизнес-процестердің айқындығын қамтамасыз ету:

1) заманауи цифрлық технологияларды енгізу;

2) адами фактілерді болдырмау.

4.3 Министрліктің қызметі туралы ақпаратқа ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету жолымен қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

4.4 Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:

1) жұмыскерлерге жемқорлыққа қарсы білім беру;

2) ұжымдарда парасаттылық ұстанымын енгізу,

3) Министрліктің жұмыскерлері үшін құқықтық жаппай оқытулар өткізу.

4-тарау. Жобаны іске асырудың тетіктері

  1. Жобаны іске асыруды Жобалық команда қамтамасыз етеді, оның құрамын Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
  2. Министрліктің Жауапты хатшысы Жобаның жетекшісі болып табылады.
  3. 7. Адами ресурстармен жұмыс департаментінің директоры Жобаның басшысы болып айқындалады.
  4. Жобалық командаға қоғамдық ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
  5. Жобаның қызметі нақты мақсаттары және орындалу мерзімі көрсетілген жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
  6. Жобаның жұмыс жоспарын Жобаның жетекшісі бекітеді.

Жобаның жұмыс жоспарында нақты міндеттер, олардың орындалу мерзімдері, сондай-ақ аяқталу нысаны мен жауапты адамдар қарастырылады.

Жобаның жұмыс жоспарында көзделген міндеттер мен өзге де іс-шаралар нақтылық, өлшемділік, қолжетімділік және өзектілік өлшемшарттарына сәйкес әзірленеді.

  1. Жобалық команда келіп түскен ұсыныстарды жинауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұсыныстар тізілімін қалыптастырып, жүргізеді.
  2. Жобалық команданың отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

Әр ұсыныс бойынша Жобаның жоспарына қосу және (немесе) басқа ұсыныстармен біріктіру және (немесе) қабылдамау қажеттігі туралы шешім қабылданады.

  1. Жобаның, Жобалық команданың қызметін ақпараттық сүйемелдеу тұрақты негізде Министрліктің интернет-ресурсына қажетті ақпаратты орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
  2. Жобаны іске асырыу тұрақты негізде жүзеге асырылады.
  3. Жобаның қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Министрлік жүзеге асырады.