Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінде экономикалық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінде экономикалық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында Astana Finance Days шеңберінде Түркітілдес Мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесінің Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының 11-отырысы өткізілді.

Түркі кеңесіне мүше елдердің сарапшылары әртүрлі экономикалық аймақтардың арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдардың жобасын, Түркі инвестициялық қорын құру мен жарғысы туралы келісімді, түркі бизнесі порталының (www.turkicbusiness.com) мазмұнын, инвестициялық климат жайындағы ғылыми-зерттеу құжатын, түркі сауда-өнеркәсіп палатасын, түркілік Сауда үйлерін, инвестициялық форум ұйымдастыруды және т.б. мәселелерді талқылады.

Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесін құру туралы келісімге 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 9-Саммитінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қол қойылған еді.

Қазіргі таңда Түркі кеңесінің құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді. Бақылаушы ел – Венгрия.