Төтенше жағдай кезеңінде ШОБ-ты қолдау шаралары туралы

Жарияланған күні: 22 сәуір 2020

Кепілдендіру құралы бойынша қайта құрылымдау мақсатындағы 66,6 млрд. теңге сомасындағы 2 264 жоба қаралып, қолдау тапты. Кепілдендіру сомасы 29,6 млрд. теңге. Субсидиялау құралы бойынша 1869 субсидиялау жобасына 147,5 млрд. теңге сомасында қайта құрылымдау жасалды. Бұл ретте, Қор жобаларға қолданыстағы шарттарға өзгерістер енгізу жолымен ғана қолдау жасап қоймайды. Сондай-ақ жаңа жобаларды да қарастырады. Мәселен, кепілдендіру бойынша Қор 120 жобаға 7,9 млрд. теңге сомасындағы кредит берді. Берілген кепілдендіру сомасы 3,4 млрд. теңге. Субсидиялау бойынша 268 жаңа жобаға 37,6 млрд. теңге сомасындағы кредит берілді.