Төтенше жағдай кезеңінде ШОБ-ты қолдау шаралары туралы

Жарияланған күні: 23 сәуір 2020

Мемлекеттік тараптан кепілдендіру берілетін несиенің мөлшері 360 млн. теңгеден 1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осындай несиенің 50% мемлекет тарапынан кепілдендіріледі. Ал, 360 млн теңгеге дейін берілетін несие бойынша мемлекеттік кепілдендіру мөлшері 85%-ды құрайды. Екінші маңызды бағдарлама «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, бəсекеге қабілетті өңдеуші өнеркəсіпті ынталандыру, əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру, халық тұтынатын тауарлар номенклатурасын арттыру.