Азаматтық сала өкілдерімен кездесу

2021 жылғы 29 маусымда  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің  экономика саласындағы азаматтық қоғам өкілдерімен  кездесуі өткізіледі (онлайн-форматта,  ZOOM платформасы арқылы).

Осыған байланысты, үкіметтік емес сала өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз және а.ж. 21 маусымға  дейін  кездесуге қатысатынын растауды және талқыланатын тақырыпқа орай ұсыныс-сауалдарын («ҮЕҰ-мен кездесу» тақырыбын көрсете отырып) pressmnerk@gmail.com электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.

Анықтамалар мына телефондар бойынша: 74-33-77, 8 701 355 31 46.

Кездесудің өткізілу уақыты мен сілтемесі  қосымша хабарланады.

Оқиға күні

29 маусым 2021

Оқиға түрі

Кездесу