KOICA 2021 стипендиялық бағдарламасы шеңберінде оқу курстары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы жылы KOICA 2021 стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Корея Республикасының халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) Корея Республикасының университеттерімен ынтымақтастықта 18 оқу бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, Министрлік 2021 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде жоғарыда көрсетілген бағдарламаға қатысу үшін тиісті кандидатуралары бар ұсыным хаттар жолдауды сұрайды.
Оқу бағдарламасына қатысты толық ақпаратты http://www.koica.go.kr/ciat/index.do сайтынан көруге немесе 8-775-728-83-56 нөміріне, Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есиркеповке хабарласуға болады.
25 ақпан 2021
10 наурыз 2021
Хабарландыру