Вопрос 1. В 2019 году Президент страны объявил мораторий на проведение проверок бизнеса. Однако проверки бизнеса, особенно в сфере торговли, со стороны акиматов и региональных СЭС продолжались. Скажите, пожалуйста, на деле снизились проверки на бизнес или же они продолжаются? (Ернат Астаубаев, г.Алматы)
Ответ: Спасибо за вопрос. Мы на постоянной основе ведем работу по совершенствованию государственного контроля и надзора.
Введенный мораторий существенно снизил количество проверок со стороны госорганов.
По информации Комитета по правовой статистике и специальным учетам в 2020 году количество регистрируемых проверок малого и микробизнеса сократилось в 7 раз (с 66237 до 9335) по сравнению с 2019 годом. Профилактические мероприятия с посещением объектов снизились в 1,4 раза (с 52349 до 35113). Все это свидетельствует о положительной динамике хода исполнения Указа Главы государства.
Как вы знаете, в период пандемии и карантина были введены вынужденные ограничительные меры в отношении бизнеса, предприятий и организаций. Это в основном затронуло сферу услуг – ресторанный бизнес, общепит, деятельность торговых объектов.
Все ограничения вводились в целях охраны и защиты здоровья населения. Поэтому проверки и профилактические посещения в этот период велись в отношение общепита, торговых площадок исключительно в целях соблюдения санитарно-эпидемиологического надзора в карантинный период.
К сожалению, выявлялись факты, когда субъекты бизнеса нарушали введенный режим карантина и не следовали установленным требованиям в период карантинных ограничений.
Хотел бы отметить, что в Указе Главы государства (подпункт 1) пункта 1) предусмотрены исключения для проверок. Эти проверки направлены на предотвращение или устранение нарушений, потенциально несущих массовую угрозу жизни и здоровью населения, окружающей среде, законности и общественному порядку.
Вопрос 2: Асет Арманович, в отношении бизнеса всегда хотят установить какие-то требования. Скажите, пожалуйста, в Министерстве нацэкономики есть какой-то «фильтр» по требованиям? (Сергей Селищев, г. Нур-Султан)
Ответ: Спасибо за вопрос. Такой «фильтр» есть. Это анализ регуляторного воздействия, сокращенно АРВ.
Межведомственной комиссией по регуляторной политике в прошлом году рассмотрено 84 проекта, отказано в одобрении 69 проектам. То есть, 82% всех поступивших требований были отклонены.
АРВ регламентируется статьей 82 Предпринимательского кодекса.
Если госорган планирует ввести новое регулирование или ужесточить действующее в отношении субъектов бизнеса, то сначала он должен провести анализ регуляторного воздействия и сопоставить все выгоды и издержки для субъектов бизнеса, государства и общества.
И только по итогам анализа определяется наиболее оптимальный вариант регулирования. Субъекты бизнеса могут участвовать в обсуждении данных АРВ. АРВ публикуются на портале «Открытые НПА». В случае несогласия с результатами АРВ бизнес может разработать свой альтернативный анализ.
Вопрос 3. Расскажите пожалуйста, какие в целом новшества были включены в новый Закон «О выборах» и какие перемены ждать населению от данных изменений? (каз).
Бәрімізге мәлім. Жақында Мәжіліс қабырғасында «Сайлау туралы» жаңа заң қаралған болатын. Осы заңға қандай жаңалықтар енгізілгенін және осы өзгерістерден халыққа қандай ықпалын тигізеді? Жергілікті өзін-өзі басқару бағытында қандай өзгерістер болады? (Ерген Галимов, Солтүстік Қазақстан облысы).
Ответ: Сұрағыңызға рақмет. Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуді реттейтін заңдар қабылданды.
Енді, ауыл әкімдері ретінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін, жасы 25 (жиырма бестен) асқан кез келген еліміздің азаматы сайлана алады.
Енді осы сайлауға:
1) саяси партия мүшелері өз кандидатын ұсына алады;
2) сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% - ына қол жинаған азамат өзін ұсына алады.
3) Мысалыға сайлауға бір ғана кандидат түссе, онда аудан әкімі бір кандидатты ғана ұсына алады.
Сайлау 40 (қырық) күн бұрын жарияланады. Сайлау жергілікті бюджет есебінен өткізіледі.
Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде қорытынды шығарылады.
7 күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіріседі.
Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай өткізілетін болады. Әкімдер 4 жылға ғана сайланады.
Сонымен қатар, бұл заңмен қоса, Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегі 7% - дан 5% - ға дейін төмендетілді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілетін болады. Ол тұжырымдамада:
- салықтар мен төлемдердің қосымша түрлері жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне беріледі.
- бюджеттік рәсімдерді оңайлатылады.
- мәслихаттар қызметінің ашықтығын арттырады.
- келешекте облыстарда аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуде қарастырылған.
- ауылдық округтер деңгейінде Кеңес атты өкілетті орган құрылады.
Түзетулерді іске асыру азаматтардың белсенділігін және олардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Әкімнің халық алдындағы есептілігін және ауыл әкімінің халық проблемаларына жедел ден қоюын арттыру, сондай-ақ елдегі саяси бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді.
Вопрос 4. Будут ли продолжены меры поддержки для бизнеса в текущем году? Ведь все-таки еще бизнес восстанавливается после пандемии. (Мухтар Уаисов, г. Туркестан)
Ответ: Спасибо за вопрос. Да, сейчас мы разрабатываем еще один пакет новых срочных мер поддержки бизнеса.
В новом пакете мы предусмотрели следующие меры:
1) уменьшение НДС на 70% для новых предприятий обрабатывающей промышленности;
2) освобождение от КПН прибыли, которая будет реинвестирована в развитие производства;
3) применение минимального уровня контрольных цен;
4) продление с 2023 года режима розничного налога для МСБ в сфере общественного питания;
5) упрощенная регистрация ИП через бесплатное мобильное приложение;
6) отмена ограничения по вычету для КПН вознаграждений по внутригрупповым займам;
7) освобождение от ИПН доходов работников бизнеса в виде полученных средств индивидуальной защиты;
8) установление предельного порога налоговой задолженности, ниже которого меры по аресту счетов не применяются. В размере 6 МРП - в целях приостановления расходных операций;
9) введение нормы по быстрому снятию ограничений по расчетным счетам.
Также по поручению Главы государства, вводится отсрочка на уплату всех налогов с фонда оплаты труда для субъектов МСБ в пострадавших отраслях с 1 апреля до 1 июля текущего года.
Вопрос 5: Какие будут приняты меры по дальнейшему развитию местного самоуправления в Республике Казахстан? (каз.)
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту бойынша Парламент Мәжілісінде заң жобасы қаралған еді. Осы өзін-өзі басқаруды дамыту үшін бірқатар функциялар жергілікті атқарушы органдарға берілгелі жатыр. Қандай функциялар берілгені туралы нақтырақ түсіндіріп өтесіз бе? (Ғалым Айнабеков, Шымкент қаласы)
Ответ: Сұрағыңызға рақмет.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені қазіргі таңда жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа моделі қалыптасуда.
Осы заң жобасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларын ажырату жөніндегі шаралар болады. Мысалы: Ауылдарда Кеңес құрылады. Бұл Кеңесте бірқатар өкілеттіктер, оның ішінде әкімнің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар болады. Сондай-ақ, жергілікті бюджетті бекіту, құқықтық актілерді қабылдау сияқты функцияларды атқаратын болады.
Бұл шаралардың барлығы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігін кеңейтуге және азаматтарды жергілікті маңызы бар шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы: Кеңес және тұрғындар әр ауылдың әкімімен бірлесіп, тиісті шешім қабылдап, ауылдың проблемаларын шеше алады. Абай айтқандай - «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Осы Кеңес ауыл әкімімен бірлесіп, жұмыс жасайтын болса, келешекте ауылдың көркеюіне, дамуына үлкен үлесін қосатын болады.
Екінші вариант: Иә, шын мәнінде бұл Заң жобасы қазір Парламент Сенатында қаралуда.
Заң жобасында:
- бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің 4 түрін беру жолымен ауылдық округтердің кіріс базасы кеңейтіледі.
Ақпарат үшін: бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер, жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем.
- ауылдық округтер әкімі аппараттарының бюджеттік рәсімдерін жеңілдетіледі.
- мәслихат сессиясы төрағасының өкілеттіктерін мәслихат хатшысына беріледі.
- әр облыста және республикалық маңызы бар қалаларда мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының екі босатылған лауазымын енгізіледі.
- әкімдердің өкілді органдар алдындағы жауапкершілік деңгейін арттыратын боламыз.
Аталған заң жобасы өңірлердің дербестік және жауапкершілік деңгейін ұлғайтуға, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешу үшін бюджеттік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған.