«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.