|
1.
|
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)
|
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).
|
|
2.
|
Әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.
|
|
3.
|
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер
(тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып)
|
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 93-1-бабы.
|
|
4.
|
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы
|
Жобамен Әдістемеге жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қаржылық және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және қаржылық емес мемлекеттік шараларының тиімділігін талдау бөлігіне өзгерістер енгізу көзделуде.
|
|
5.
|
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
|
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларды мониторингтеуді техникалық сүйемелдеуді тіркеуші жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды.
|
|
6.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар
|
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
|