«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы                              12 тамыздағы № 78 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы»  
 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы                                            (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңырту» Ұлттық жобасы        (бұдан әрі – Ұлттық жоба)шеңберінде уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін кредиттеу және субсидиялау шарттарын нақтылау көзделеді.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2026 жылғы қазан.

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері                                  әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.  

 

Жарияланған күні

23 қазан 2026 11:50

Жаңарту күні

23 қазан 2026