|
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)
|
«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Қағидалар).
|
|
Әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.
|
|
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))
|
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы қағидаларды жетілдіру мақсатында әзірленді.
|
|
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы
|
Жобада Қағиданы ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 75-бабының 2-тармағына сәйкестендіру мүмкіндігі көзделген.
|
|
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
|
Жобаны қабылдау ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 75-бабының 2-тармағына сенімгерлік басқару объектілерінен мүліктік кешендер мен ақшаны алып тастау бөлігінде енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
|
|
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар
|
Жоқ.
|