Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің бюджет комиссиясын құру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязев ауданы әкімдігінің

бюджет комиссиясын құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының                               1-6) тармақшасына, 37-бабының 8-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің бюджет комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) құрылсын және осы қаулының                      1-қосымшасына сәйкес құрамы бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
  3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы  Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Аудан  әкімі                                                                          Е. Жаров