ҚР ЭГТРМ Климат саясаты және жасыл технологиялар департаментінің Төменкөміртекті даму басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 26.08.2019 ж. 24.08.2020 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Жаратылыстану ғылымдары: гидрология
- Жаратылыстану ғылымдары: Метеорология
Функционалды міндеттер
Климаттың өзгеруіне бейімделу, озон қабаты, парниктік газдардың антропогендік шығарындылары мен сіңірулерін реттеу және озонды бұзатын заттарды тұтыну және климаттың өзгеруін қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу;БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және Киото хаттамасының, Жердің озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының және озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының ережелерін іске асыруды жүзеге асыру; климаттың өзгеруіне бейімделу, климаттың өзгеруіне бейімделу, озон қабаты, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу және озонды бұзатын заттар және климаттың өзгеруін қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және орындауды ұйымдастыру; жаһандық жылыну, климаттың және озон қабатының өзгеру процестеріне бейімделу және салдарларының алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулерге, жарияланымдарға шолуды жүзеге асыру; климатты және озон қабатын қорғау саласындағы келісімдер мен меморандумдарды келісу; өз құзыреті шегінде заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;көздерден антропогендік шығарындыларды және парниктік газдарды сіңіргіштермен абсорбциялауды бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізуді ұйымдастыру,сондай-ақ институционалдық, құқықтық және рәсімдік тетіктерді ескере отырып, оны жүргізу тәртібін әзірлеу; парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін және озонды бұзатын заттарды жыл сайынғы Ұлттық түгендеуді жүргізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; БҰҰ КӨНК шеңберінде халықаралық келіссөздер процесіне, сондай-ақ климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және елішілік іс-шараларға қатысу; парниктік газдардың мемлекеттік кадастрын және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді және оны жүргізу тәртібін әзірлеуді ұйымдастыру; статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті аумақтарда климатты және жердің озон қабатын қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау; Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобаларды қарау және мақұлдау; парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды іске асыру туралы есептерді қарау;өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 3 қабат, 351 кабинет
-
+7 (7172) 74-12-19