Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және минералды шикізат базасын дамыту департаменті минералды шикізат базасын сараптау басқармасының сарапшысы, C-5 санаты, (1 бірлік), №УАМБ-3
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы
239910
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
ҚР минералдық-шикізат базасын перспективалық дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; ҚР минералдық-шикізат базасын дамытудың мониторингін жүзеге асыру; ҚР аумағының геологиялық зерделенуінің жай-күйіне талдау жүргізуге қатысу; пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша конъюнктуралық шолу, басымдықтарды айқындай отырып, минералдық-ресурстық базаның жай-күйі бойынша талдамалық анықтамалар жасау (блок А, грейд 5).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8 (7172)-74-10-97