Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (ҚОҚ БАЖ)

Сипаттама

Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (ҚОҚ БАЖ)

«Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚОҚ БАЖ) өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылатын өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры жүзеге асырылды.

ҚОҚ БАЖ жүйесінің мақсаты мемлекеттік экологиялық инспекция, мемлекеттік органдар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар үшін өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы мәліметтерді жинау және өңдеу процесін оңайлату және жеңілдету мүмкіндігі болып табылады.

Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры құрылымы бойынша мына компоненттерді қамтиды:

1)      қауiптi қалдықтардың паспорттар;

2)      қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептер;

3)      кадастрлық іс.

Қауіпті қалдықтардың паспортында қалдықтардың түзілген жері бойынша түзілу процестерінің сипаттамасы, олардың сандық және сапалық көрсеткіштері, олармен жұмыс істеу қағидалары, оларды бақылау әдістері, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлкіне зиянды әсерінің түрлері, қалдықтарды өндірушілер, меншігінде өздері бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтерді қамтиды.

Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп - қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкісі және қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкісі бойынша ақпаратты қамтиды.

Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық іс мыналарды қамтиды:

-        ЖАО қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмi;

-        жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтама;

-        қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесi;

-        мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары.

Сонымен қатар ҚОҚ БАЖ-ға жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен медициналық қалдықтар бойынша ақпарат енгізілген.

Деректерді толықтыру мен өзектендіруге орталық деңгейдегі ҚР ДМ, ҚР АШМ; аумақтық деңгейдегі мамандар, әкімдіктер, Экология департаменттері, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қатысады.

ҚОҚ БАЖ бағдарламасының мүмкіндіктері берілген облыс бойынша неғұрлым ірі табиғат пайдаланушыларды нақтылау мүмкіндігімен бір облыстың мысалында түзілген, қайта өңделген және орналастырылған қалдықтардың көлемі туралы ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚОҚ БАЖ-да өндіріс және тұтыну полигондары мен қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша географиялық орналасу және қажетті ақпарат алу мүмкіндігімен қалдықтарды орналастыру объектілерінің картографиясы көзделген.