«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары» ақпараттық жүйесі

Сипаттама

«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары» ақпараттық жүйесі

«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары» АЖ (бұдан әрі – «ҚР ТРМК» АЖ) табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы жүйелі ақпарат жиынтығынан тұрады. «ҚР ТРМК» АЖ  негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын жалпы мемлекеттік кешенді есепке алу және қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану негізінде табиғи ресурстар ақпаратын жинақтау, сақтау және өңдеу тәсілдерін стандарттау.

Ақпараттық жүйе 4 кіші жүйеден тұрады: орман кадастры, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры, жануарлар дүниесінің кадастры (аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша) және жануарлар дүниесі кадастры (балық және басқа да су жануарлары бойынша), олар бойынша ақпарат 4090 объект бойынша динамикалық деректерді қамтиды.

Кадастрлардың деректер базасы кадастрлық объектілердің сипаттамасын, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын сақтайды. Көрсеткіштер жиынтығы салалық кадастрлар нысандарынан іріктеуге негізделген.

Орман кадастрында мемлекеттік орман қорының санаттары мен алқаптары бойынша орман қорын бөлу және бағалау; басым тұқымдылар мен жас топтары бойынша орман көмкерген жерлерді бөлу және бағалау; сүрек қорлары; ормандарды молықтыру және орман өсіру; мемлекеттік орман қорындағы ағаш емес ресурстар туралы деректер бар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрында өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері; әкімшілік-ұйымдастыру деректері; объектілердің табиғи-географиялық сипаттамалары есепке алынуға жатады.

Жануарлар дүниесі кадастрында (аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша) аң аулау объектілеріне жатқызылған және өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар есепке алынуға жатады; шаруашылықтардың сипаттамасы; шаруашылықтарды аң аулау туралы деректер; жануарлар дүниесін есепке алу деректері.

Жануарлар дүниесі кадастры бойынша (балық және басқа су жануарлары бойынша) мекендейтін балықтардың тізбесі туралы мәліметтер жинау жүргізіледі; су қоймаларының (учаскесінің) шаруашылық сипаттамасы; шаруашылық қызметінің көрсеткіштері; су қоймаларының азықтандыру базасы бойынша ұсынымдар; балықтардың өлшемдік-салмақ құрамы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары көрсетілген кадастрлар бойынша деректер көзі болып табылады. Жүйеге деректерді енгізу кезеңділігі – жылына бір рет.

 

Ақпараттық жүйенің картографиялық материалына кадастрлар бойынша тақырыптық қабаттар, сондай-ақ 1:1000000 және 1:200000 масштабтағы Қазақстан аумағының топографиялық негізі кіреді. Кадастрлардың тақырыптық қабаттары ағаш тұқымдары түрлерінің таралу ареалдарын, жануарлар түрлерінің таралу ареалдарын, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің, аңшылық шаруашылықтардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, балық шаруашылықтарының шекараларын қамтиды.

Картографиялық кіші жүйемен жұмыс істеу мүмкіндігі кадастрлық объектілерді сәйкестендіруге, атрибутивті ақпаратты және деректер базасынан мәліметтерді алуға, объектінің карточкасына өтуге мүмкіндік береді.

2016 жылы «ҚР ТРМК» АЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттардың сәйкестігіне аттестаттау жүргізілді.

2019-2020 жылдары кейіннен өнеркәсіптік пайдалануға енгізумен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу жоспарлануда.

2019 жылы ҚР АШМ Жер кадастры жүйесімен «ҚР ТРМК» АЖ интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпы мемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында кен орындарының мемлекеттік кадастры және су ресурстары кадастры жүйелерімен интеграциялау жүргізу жоспарлануда. Бұдан әрі табиғи ресурстар мониторингі бөлімінің бір бөлігі ретінде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.