Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру туралы

Сипаттама

Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру туралы

ҚР Экологиялық кодексінің 17 – бабы, 15) тармақшасына сәйкес ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ретінде қоршаған ортаның жай-күйіне және мониторингтің жекелеген арнайы түрлеріне мемлекеттік мониторинг жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін (бұдан әрі - МБМЖ) жүргізуді үйлестіреді. МБМЖ басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдау үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы толық және нақты ақпараттарды жинауға шақырады. Мониторинг объектілері болып атмосфералық ауа, жер, жер үсті және жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар мен өсыімдіктер дүниесі, сонымен қатар климат және Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, халықтың денсаулығын сақтауға әсер ететін экологиялық факторлар табылады.

Қоршаған орта жағдайының мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:

  • атмосфералық ауа жағдайының мониторингі;
  • атмосфералық жауын-шашын жағдайының мониторингі;
  • су ресурстарының сапалық жағдайының мониторингі
  • Топырақ жағдайының мониторингі;
  • метеорологиялық мониторинг;
  • радиациялық мониторинг;
  • траншекаралық ластану мониторингі;
  • фондық мониторинг.

Табиғи ресурстар мониторингі мынадай түрлерді қамтиды

  • жер мониторингі;
  • су объектілерінің мониторингі және оларды пайдалану;
  • қойнаулар мониторингі;
  • ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мониторингі;
  • таулы экожүйелерінің және шөлейттенудің мониторингі;
  • ормандар мониторингі;
  • жануарлар дүниесі мониторингі;
  • өсімдіктер дүниесі мониторингі.

Сондай-ақ мониторингтің арнайы түрлері бар, оларға мыналар қатысты:

  • әскери-сынақ полигондарының мониторингі;
  • «Байқоңыр» зымыран-ғарыштық кешен мониторингі;
  • парниковых газдар мен озон бұзушы заттарды тұтынудың мониторингі;
  • санитарлы-эпидемиологиялық мониторинг;
  • климат және Жердің озон қабатының мониторингі;
  • төтенше экологиялық жағдайлар мен экологиялық апат аймақтарының мониторингі;
  • ғарыштық мониторинг.