Бірыңғай экологиялық портал

"Бірыңғай экологиялық портал" ақпараттық жүйесінің мақсаты

"Бірыңғай экологиялық портал" жобамен танысуға, өз ұсыныстары мен ескертулерін қалдыруға, сондай-ақ міндетті түрде құрылыс салушыдан жауап алуға мүмкіндік береді. Порталға кіру шектелмейді.

 

Бірыңғай экологиялық порталдың негізгі функциялары:

Портал "қоғамдық тыңдаулар" айдары арқылы көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы барлық хабарландыруларды орталықтандыруға бағытталған.
Мұндай айдарды ашу ақпаратқа қол жеткізуді, шешім қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуын және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнді, уақытты және орынды келісу процесін жеңілдету үшін көзделіп отырған қызметтің бастамашысы бірыңғай экологиялық портал арқылы ЖАО-ға сұрау-хат жолдайды.
Осыдан кейін бастамашы ҚР ЭГТРМ қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығына құжаттар топтамасы бар порталдың "қоғамдық тыңдаулар" айдарында орналастыру үшін хабарландыру жобасын жібереді. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырулар порталда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын орналастырылады. Демалыс, мереке күндерін және жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Сағат 18:00-ден кейін келіп түскен қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы сұрау хаттар мен хабарландыруларды тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Сайт: https://ecoportal.kz/