Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрлігі - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ
Устав проекта
Жобаның негізі мен миссиясы
«Экология, геология және табиғи ресурстарминистрлігі – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасын іске асыру үшін Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негіз болып табылады.
«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасының миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және оның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.
Жобаны іске асырудың салалары мен бағыттары
Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз қызметін мынадай салаларда жүзеге асырады:
- «Жасыл экономика» және төмен көміртекті даму;
- қалдықтармен жұмыс істеу (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда);
- экологиялық реттеу және бақылау;
- геология және минералдық-шикізат базасы;
- су қоры;
- орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
- балық шаруашылығы.
Аталған бағыттар аясында келесі міндеттер қарастырылған:
- Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу және қолайлы жағдай жасау:
-сервистік модельге көшу жолымен Министрлік пен оның аумақтық бөлімшелерінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
-ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымында комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше құру;
-ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметіне Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 318-НҚ бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» ҚР СТ 3049-2017 ұлттық стандартын енгізу;
-қолданыстағы НҚА-ны талдау және жетілдіру;
-ішкі және сыртқы бизнес-процестерді талдау, оларды оңтайландыру;
-ұйымдастыру-басқару қызметін талдау.
- Бизнес процестердің ашықтығын қамтамасыз ету:
-қағаз нысанда көрсету мүмкіндігін болдырмай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру;
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Министрліктің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының халықпен кері байланысын ұйымдастыру;
-заманауи цифрлық технологияларды енгізу;
-адам факторын алып тастау.
- Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру:
-сараптамалық кеңесті қалыптастыру;
-Министрліктің қызметі туралы, оның ішінде бюджет қаражатының жұмсалуы туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру:
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдарды баспа, электрондық және БАҚ-тың басқа да түрлерінде жариялау;
-қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру;
-ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу.
Жобаны іске асыру мерзімі
Жобаны іске асыру мерзімі: мерзімсіз.
Жобаның қолданылуын тоқтату үшін шешім Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен шешімімен қабылданады.
Жобаны кадрлық қамтамасыз ету
Жобаны іске асыруды жобалық офис қамтамасыз етеді.
Жобаның кураторы Министрліктің Аппарат басшысы болып табылады.
Жобаның (жобалық офис) жетекшісі лауазымына Министрліктің құзыретті және тәжірибелі қызметкері тағайындалады. Оны тағайындауды
Жобаны іске асыруды жобалық кеңсе қамтамасыз етеді.
Жобаның кураторы Министрлік Аппаратының Басшысы болып табылады.
Жобаның (жобалық кеңсенің) басшысы лауазымына жұртшылықтың құзыретті және тәжірибелі өкілі тағайындалады. Оны тағайындауды Министрліктің Аппарат басшысы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Жетекшіге жобаның қызметін үйлестіру және ұйымдастыру жүктеледі.
Жобаның жетекшісі жобалық офистің кадрлық құрамын Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының қызметкерлерінен тұратын 5 адам құрайды.
Жобаның жетекшісі мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында міндетті оқытудан өтеді.
Жобаның қызметін қаржыландыру
Жобалық офис Мәңгілік Ел даңғылы-8, "Министрліктер Үйі" ғимаратында орналасады.
Көлік шығыстарын, ұйымдастыру техникасын, кеңсе тауарларын және өзге де шығыс материалдарын төлеуді қоса алғанда, Жобаның қызметін қаржыландыру Министрліктің есебінен жүзеге асырылады.
Жоба жетекшісіне жалақы негізгі жұмыс орны бойынша төленеді.
Ол үшін " Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы " Заңда көзделген әлеуметтік кепілдіктер сақталады.
Жобалық кеңсе қызметкерлерінің жалақысы негізгі жұмыс орны бойынша төленеді.
Жобаның қызметін басқару
Жобаның жоғарыда көрсетілген салалары мен бағыттары бойынша жұмысты нақты міндеттер мен орындау мерзімдерін көрсете отырып, іс-қимыл жоспары негізінде тиісті жобалау топтары қамтамасыз етеді.
Жобалық топтардың құрамын орталық мемлекеттік органдардың , жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың және өзге де мүдделі тұлғалардың аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды адамдары қатарынан жобалық офистің басшысы Министрліктің Аппарат басшысының келісуімен айқындайды.
Жобалық топтардың іс-қимыл жоспарларын жоба кураторы бекітеді.
Жобалық топтардың қызметін үйлестіру мен сүйемелдеуді жобалық кеңсенің басшысы мен қызметкерлері жүзеге асырады.
Жобалық кеңсе жанынан жұртшылық, бизнес қоғамдастық, БАҚ өкілдері қатарынан Сараптамалық кеңес құрылады.
Жобалық кеңсенің ұсыныстарын Министрлік Аппаратының басшысы қарайды.
Жобаның күнделігі тұрақты негізде жүргізіледі.
Жоба кураторы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жобалық кеңсе қызметінің нәтижелері бойынша есептік талдау ақпаратын ұсынады.
Жоба қызметін ақпараттық сүйемелдеу БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы қамтамасыз етіледі.
Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін айқындау және өңірлер бөлінісінде сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жөніндегі әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
Жобаны әске асыру тиімділігі үшін жауапкершілік кураторға жүктеледі.