«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына толықтыру енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Жоба жануарларды заңсыз алу немесе оларды абайсызда жою, сондай-ақ жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту және тасымалдау жағдайларында келтірілген зиян мөлшерін есептеу тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Қолданыстағы практикада қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдеме ретінде алынған жануарлардың жынысы мен жасын анықтау мүмкін болмаған жағдайларда келтірілген зиян мөлшерін есептеуде қиындықтар туындайды. Бұл жекелеген жағдайларда келтірілген зиян мөлшерін толық айқындау және оны өндіріп алу мәселелеріне әсер етеді.
Осыған байланысты бұйрық жобасында жануарлардың жынысы мен жасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, осы жануар түрі бойынша зиянды өтеудің ең төменгі мөлшерін айлық есептік көрсеткішпен қолдану көзделеді.
Ұсынылып отырған норма жануарлардың жынысы мен жасын анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайлардың өзінде келтірілген зиян мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте зиян мөлшерін есептеудің нақты әрі бірізді тетігі қалыптастырылады.
Жобаны қабылдау құқық қолданудың бірізділігін қамтамасыз етуге, жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды толық айқындауға және оны мемлекет кірісіне өтеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың қайталануының алдын алуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоба жария талқылау үшін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында орналастырылды.