«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

0

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі  «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 6-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы дайындады.

Республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайтудың мақсаты «Ақжар» кен орындарын игеру үшін жер учаскесін «Zhanatas Chemical Complex» ЖШС беру болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болжамайды.