Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 «Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 «Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-1 бабына сәйкес сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жобамен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 «Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық жағымсыз салдарларға әкеп соқпайды.