«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы қаулы жобасын әзірлеуші Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылады.
Қаулы жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес және өндірушілердің (импортерлердің) кеңейтілген міндеттемелері таралатын өнім туралы оператордың толыққанды ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.
Қаулы жобасының мақсаты өндірушілердің (импортерлердің) кеңейтілген міндеттемелері таралатын өнім туралы ақпарат алу рәсімін жеңілдету және цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы артық құжат айналымын жою болып табылады.