Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландырылуға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» бұйрығының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландырылуға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығы деңгейінде бекітілді.
Бұйрық жобасын әзірлеу «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту жөніндегі құзыреттің Қазақстан Республикасының Үкіметінен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берілуіне байланысты.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бұрын бекітілген «жасыл» жобалар сыныптамасының (таксономиясының) мазмұндық бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізбей, бекітті. «Жасыл» жобаларды сыныптаудың қолданыстағы тәсілдері, оның ішінде санаттар, секторлар, кіші секторлар және шекті өлшемшарттар толық көлемде сақталады.